Оқиға • 07 Тамыз, 2021

Марихуана өткізбек болған азамат ұсталды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да марихуана өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марихуана өткізбек болған азамат ұсталды

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде Шемонаиха қаласы, «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде полиция қызметкерлері 58 жастағы азамат басқарып келе жатқан «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Қызметтік ит автомобильдің салонын тексеру кезінде 43 жастағы жолаушының қалтасына таяп барып, белгі берген.

Тексеру барысында оң қалтасынан өсімдік тектес қоңыр-жасыл түсті түйіншек тәркіленді.

Сарапшының қорытындысы бойынша, алынған зат салмағы 3,41 грамм «кептірілген марихуана» екен.

Өскемен қаласының 43 жастағы тұрғыны бұл затты Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің «Уба» өзенінің жағасынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.