Саясат • 09 Тамыз, 2021

Қауіпсіздік деңгейімен танысты

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына сапары барысында құқық қорғау орган­дары­ның қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Қауіпсіздік деңгейімен танысты

Депутаттар қалалық ІІБ-де болған кезде мегаполис тұрғын­дары­ның құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Полицейлер сенаторларға бейне бақылау орталығы мен полицияның заманауи мобильді бөлімшелерінің жұмысын көрсетті. Олар қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 70 бейнебақылау құрылғысы орна­тылғанын және халық тығыз орна­ласқан аудандарда 100 мобильді полиция учаскесін салу мәселесі шешілгенін айтты.

Кездесу барысында қауіпсіздік қызметкерлерінің еңбек жағдайын заңнамалық қамтамасыз ету мәсе­лелері де көтерілді. Атап айт­қанда, құқық қолданудың үш деңгейлі жү­­йе­сін енгізу және халыққа «қа­дам­­­­дық қолжетімділік» қағи­да­ты­на негіз­делген полиция қызме­тін­ің үлгісін заң­намалық бекіту талқыланды.

«Пандемия кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы ауырлағаны анық және қосымша күш жұмсалғаны белгілі. Осыған байланысты мегаполисте полиция қызметін жетілдіру және заман талабына сәйкес цифрлы сервистерге көшу маңызды болып отыр. Карантин кезінде тұ­рғын­дар­­дың қимыл-қозғалысы мен қауіп­­сіздігін бақылау да – өзекті мәселе. Сондықтан көшелер­де бей­не­­бақылау камераларын ор­нату­дың тиімділігі артып отыр. Бұл рет­те ка­мералық бақылау құрал­да­ры айып­пұлдар салу арқы­лы жа­за­лау мақ­сатында емес, тұрғын­дар­дың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету ба­ғы­тында көбірек қызмет атқаруы тиіс», деді сенатор Айгүл Қапбарова.

Сенат депутаты Нұрлан Бек­назаров өз кезегінде еліміз Пре­зиденті алға қойған міндеттерге сәйкес азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшей­ту сенаторлардың назарында болатынын атап өтті.