Әлем • 09 Тамыз, 2021

Түркияға бауырластық көмек

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді, деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Түркияға бауырластық көмек

Қазақстандық тікұшақтар өткен сенбіде ұшып шықты және үш мемлекетте тоқтап, олар­дың шекарасы арқылы Түр­кияның Мұғла қаласына ұшып жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында  Тө­тенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күл­шім­баев шығарып салды. Біз­дің құтқарушыларымыздың жер­­гілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстан Рес­публикасының Түркиядағы елшілігі үйлестіреді.

Сондай-ақ Қазақстан өр­тен­ген аумақтардағы орман жа­мыл­ғысын қалпына келтіруге гу­манитарлық кө­мек көрсетуге ниетті. Отыр­ғызылған орман қазақ және түрік халықтарының ара­сындағы достық пен бауыр­лас­тық байланыстардың символы болады.

 

«Егемен-ақпарат»