Қазақстан • 09 Тамыз, 2021

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 228 ЖКО орын алды – ІІМ

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов автокөліктің тиісті техникалық жай-күйінің маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 228 ЖКО орын алды – ІІМ

«Жолдардағы қауіпсіздік деңгейін анықтайтын келесі фактор – бұл автокөліктің техникалық жағдайы. Қазір еліміздегі әрбір үшінші автобус жиырма жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 228 ЖКО орын алды, онда 16 адам қаза тауып, 299 адам жарақат алды. Ескі автобустардың басым бөлігі жеке тұлғалардың иелігінде», деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, жыл сайын полиция қызметкерлері тұрақты емес тасымалдау үшін пайдаланылатын қайта жабдықталған автобустарды пайдаланудың 500-700-ге жуық фактісін анықтайды, бұл да автомобиль тасымалы саласында белгілі бір қауіп-қатер туғызады.

«Жыл басынан бері техникалық ақаулы немесе заңсыз қайта жабдықталған автокөлікті басқарудың 55 мың фактісі анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық», деді С.Түсіпов.