Мамандардың айтуынша, көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында жұлдызқұрт көбейіп кетті. Дами келе көбелекке айналатын бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй аулаларындағы бау-бақшаларды жұмсақ жапырақсыз қалдырып, жолында кездескен өсімдіктің бәрін талғамай жайпап өте шығады екен. Мамандардың айтуынша, тіпті бір түнде бүтін бір күнбағыс не зығыр алқабын дақылсыз қалдыруы мүмкін.
Қостанай ауданындағы Алтын дала елді мекенінің тұрғындары ауыл ішіне қаптап кеткен жұлдызқұрттан аяқ алып жүре алмай қалған. Таяуда ғана пайда болған зиянкестер бақшада өсіп тұрған жеміс-жидек пен көкөніс жапырақтарын кеміре бастапты. Алтын далаға бара қалсаңыз, мынадай көріністің куәсі боласыз: Түмендеп көшкен құрттар бір жаққа асығып бара жатқан сияқты. Ешбір тоқтаусыз қозғалыс үстінде. Жолында кездескен үй, қораның қабырғасына өрмелеп, төбесінен асып, болмаса айналып өтіп кетіп жатыр.
Бұрын-соңды байқалмаған «жұлдызқұрт жорығына» алаңдаған ауыл тұрғындарының өтінішімен Тобыл қаласына барып, ауыл шаруашылығы зиянкестерін жоюмен айналысатын «Регион-Защита» серіктестігінің ғылыми қызметкерлеріне жүгіндік.
Сөйтсек, ғалымдар зиянкестің бұл түрін шалғын көбелегі деп атайды екен. Орыстың «луговой мотылек» сөзінен тікелей аударып алса керек. Мекеме директоры Айгүл Олейниктің айтуынша, шалғын көбелек жұлдызқұртының үлкен көші былтыр Ресейдің Барнаул аймағынан шығып, Павлодар облысында топырақ астында қыстап қалған.
«Шалғын көбелек Қостанай облысында сәуір айының ортасына таман пайда болды. Олар бірден жұмыртқалай бастайды. Біз алғашқы көбелекті 18 сәуірде байқадық. Ал мамырдың 21-інде бірінші жұлдызқұрт пайда болды. Жұлдызқұрттың бірнеше жасы болады. Бірінші, екінші жасында жұлдызқұрт бір орында жатып, өздері жабысып алған өсімдіктің жапырақтарымен қоректенеді. Ал үшінші жасқа жеткенде жылдам қозғала бастайды. Олар содан кейін бір орында тұрмайды, лек-легімен жерден жерге көше бастайды.
Жұлдызқұрттың бірінші, екінші жасы 2-3 күнге созылады, ал үшінші, төртінші жасында 1 жарым күндей айырмашылық бар. Бәрі ауа райына байланысты. Егер күн ыстық болса, жұлдызқұрттың жасы да тез өзгереді. Биыл біздің өңірде мамыр айында да, тамыз айында да күн райы ыстық болды. Сондықтан жұлдызқұрт тың жасы тез өзгеріп, тез дамып жатыр», деді Айгүл Олейник.
Маманның сөзінше, шалғын көбелек Қостанай өңірінде осыдан 13 жыл бұрын дәл осылай көбейіп кеткен. Енді алдағы жылы да өңірде біраз жұлдызқұрт қалады. Ал көбелектері биыл Батыс Қазақстан жаққа қарай ұшып, одан әрі қарай Орынбор жағына ауады.
«Дәл қазір облыс аумағында бір жастағы жұлдызқұрт қалмады деуге болады. Есесіне екінші, үшінші, төртінші, кейбір жерлерде бесінші жастағы жұлдызқұрттар көбейіп кетті. Олар қорек талғамайды. Бәрін жей береді. Қазір алқапта арпа, бидай пісіп қалғандықтан, жұлдызқұрттың оларға тісі өтпейді, сондықтан тиісе алмайды. Ал зығыр, күнбағыс, бұршақ, жасымық, соя сияқты дақылдарды талғамай жейді. Сондай-ақ бұл зиянкестер бақша көкөністері мен жеміс-жидектерді де талғамай жейді, тіпті ағашқа дейін кеміріп тастайды. Құлпынай, қарақатты да қоймайды. Қазір облыстың барлық аудандарында жұлдызқұрттың екінші ұрпағы күрт көбейіп кетті. Көбіне қоғалы көлдердің жағасында, орман шетінде, көптен өңдеу көрмеген алқаптарда кездеседі. Әсіресе, ақ алаботалы жерлерде аса көбейіп кеткені байқалады. Сондықтан барлық шаруашылық алқаптарын инцектицидпен өңдеу керек. Сонда жұлдызқұрт 3-4 сағат ішінде жойылады. Шаруалардың көбі қазір алқаптың айналасын ғана дәрілейді. Мұның басқа зиянкестерге кері әсер болғанмен, көбелек жұлдызқұртына ешқандай әсер етпейді. Өйткені жұлдызқұрт алқаптың ортасына жұмыртқалайды. Сондықтан дәріні бүкіл алқапқа шашуға тура келеді», деді маман.
Айгүл Тоқтарбайқызынан есік алдына қызанақ, қиыр өсіріп отырған қарапайым тұрғындар бұл зиянкеспен қалай күресуі керек деп сұрап едік: «қазір жұрттың көбі бақшадағы көкөніс пен жеміс-жидегін күнделікті жеп отыр. Сондықтан химиялық дәрі шашуға болмайды. Оны мүсәтір спиртімен өңдеу керек. 10 литр суға 50 миллилитр мүсәтір спиртін қосып, оны зиянкестер шоғырланған жерлерге шашу керек», деді.
Таяуда Бейімбет Майлин ауданына қарасты Приреченск елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы күнбағыс алқабына жұлдызқұртқа қарсы дәріні ұшақпен шашып жүрген шаруашылыққа наразылық білдіріп, оны телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге салды: «Жел ауыл жаққа соғып тұр. Күнбағыс алқабы ауылдан 50 метрдей-ақ жерде. Дәрінің зиянын біз тартып жатырмыз» дейді наразы топ. Осыдан кейін жұрттың пікірі қақ жарылып, шаруашылықты қолдаушылар да табылып жатты.
«Қазір көбелек жұлдызқұрты дақылдан дақыл қоймай жеп жатыр. Егер дәрі шашпаса, бақшада картоп та қалмайды. Күнбағысты құтқарып қалмасақ, келесі жылы сұйық майдың бағасы бұдан да шарықтап кетеді. Шаруалар төрт жыл қатарынан аптап ыстықпен күресуде, сондықтан сәл сабыр шақырып шыдай тұрыңыздар», деп жазды шаруаларды жақтаушы жақ.
Мамандардың айтуынша, өңірде көбелек жұлдызқұртының жорығы әлі он шақты күн жалғасады.
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар