Экономика • 10 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар орташа есеппен ипотекаға қанша төлейді?

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші кредиттік бюроның мәліметі бойынша, ипотеканың орташа айлық төлемі 90 мың теңгені құрайды, ал ипотекалық несиенің соммасы 10 млн теңгеден сәл асады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар орташа есеппен ипотекаға қанша төлейді?

Krisha.kz сайтының мәліметі бойынша,

ипотека тұрғын үй бағасы қымбат қалаларда жоғары. Мәселен, Нұр-Сұлтанда ай сайын орта есеппен 120,7 мың теңге, Алматыда 107,2 мың теңге, Ақмола облысында 100,6 мың теңге төленеді.

Ең төменгі ипотека төлемі Солтүстік Қазақстан (65 мың теңге), Жамбыл облысында (68,9 мың теңге) және Ақтөбе (70,8 мың теңге) облысында. «Отбасы банк» ипотекалық несиенің орташа мөлшері 14,8 млн теңге, ал ай сайынғы төлем орта есеппен 76,9 мың теңге деп жауап берді.

Соңғы жаңалықтар