Егер біз ақылды шешімге сенбесек, онда зұлымдыққа да сенбеуіміз керек. Осы орайда, Дарвиннің эволюция теориясы аман қалуға талпыну вирустардың қауіпті түрін тудыратынын айтады. Бұған дейін көптеген жаңа вирус жануарлардан адамға жұқты, бірақ соңғы 100 жылда SARS-CoV-2 секілді ешқайсысы жойқын болған емес.
Иә, Covid-19 Эболаға қарағанда өлім аз болғанымен және суық тию секілді тым жұқпалы емес. Құрбандық қарқыны жоғары Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS) алғаш рет 2012 жылы шыққанда бірнеше ай ішінде таралып, жойылып бітті. Ендеше, неліктен Covid-19-ды игеру соншалықты қиын? Өйткені, вирус біздегі институттардың әлсіздіктерін тиімді пайдаланады. Сондай-ақ келешекте төніп тұрған қатерлермен күресу үшін нені түзету қажет екеніне көрсетіп, адамзатқа сабақ болмақ.
Біріншіден, коронавирустың экспоненциялық тарауы демократиялық институттардың реактивті сипатының әлсіз тұсын аңғартады. Дәл сол секілді Жапонияның Перл-Харборға шабуылы АҚШ-ты Екінші дүниежүзілік соғысқа араластырды, Brothers-тың күйреуі АҚШ үкіметін жаһандық қаржылық дағдарысқа қарсы әрекет етуге жұмылдырды. Уинстон Черчилль айтты делінетін «америкалықтар егер басқа мүмкіндіктер таусылса, әрқашан дұрыс нәрсені жасайтынына сенемін» деген сөзі еске түседі.
Мұндай стратегия қалыпты жағдайда жақсы жұмыс істейді, бірақ экспоненциялық жағдайда өте қауіпті. Өйткені алдын алу шарасы кешіктірілген кезде «дұрыс нәрсені» жасау әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Егер әлемдегі бүкіл вирус бақыланбаса, экспоненциялы түрде өсуге бейім. Covid-19 вирусының симптомсыз және симптомды түрде таралуы оны емдеуді қиындатты.
Қиын, бірақ мүмкін. Қазіргі уақытта бізде адамдардың қозғалысы мен қарым-қатынасын қадағалайтын технология бар. Бірақ либералды демократия оны қолданғысы келмейді. Жақында католиктік бағыттағы медиа-сайт ұялы телефондардағы қолжетімді коммерциялық деректерді қолдану арқылы жоғары дәрежелі діни қызметкердің сексуалдық қылмысын әшкереледі. Google мен Facebook өз жарнамаларын көрсету үшін кез келген нәрсені жасай алады. Алайда демократияда өмірді құтқару үшін дәл сол технологиялар жоқ секілді
Covid-19-дың халыққа әртүрлі әсер етуі вирусты таратпаудағы саяси шешімдерді әлсіретуде өте тиімді. Егер өлім-жітім деңгейі түрлі жас топтарында бірдей деңгей көрсетсе, ұжымдық жауап беру де оңайлар еді. Бірақ олай емес. «Дельта» нұсқасы шыққанға дейін жиырма жастағылар үшін коронавирустан өлгеннен гөрі найзағай түсіп қаза табу ықтималдығы жоғары еді. Керісінше, 90-ға жақындағандарда Covid-19 өлім-жітімі шешектен қайтыс болатындармен шамалас.
Пандемияға қарсы жаппай тиімді қарсы тұру ортақ мәмілені қажет етеді. Мысалы, 1930 жылдары New Deal әл-ауқат бағдарламасынан пайда көрген америкалықтар Екінші дүниежүзілік соғысқа еріктілер ретінде жазылуға дайын еді. Бірақ қазіргі жастардың көбі өздерін экономикада шеттетілгендей сезінеді және олардың жағдайына аға буын жауапты деп санайды. Ендеше, олар өміріндегі ең ғажап кезеңін қарияларды қорғап қалу үшін құрбан етуге құлшыныс танытпауына таңғалуымыз керек пе?
Азиядағы ұжымшыл қоғамдар пандемияның бірінші кезеңімен күресте Батыс елдеріне қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсеткенімен, олар Covid-19 вакциналарының жеткілікті мөлшерін әзірлеп, қамтамасыз ете алмады. Бұл вакцинаның дамуы саяси институттарға емес, ғылыми мүмкіндіктерге байланысты екенін көрсетеді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Қытай секілді мемлекеттерді қоса алғанда, ғылыми тұрғыдан ең дамыған елдер вакцинаны зерттеу мен әзірлеуде алдыңғы қатардан көрінгені таңғаларлық емес.
Covid-19 вирусының симптомсыз таралуы мен демографиялық топтар арасындағы әртүрлі өлім-жітім – онсыз да қауіпті жағдай. Бірақ мәселе Батыстың бұзылған медиа жүйесінің салдарынан күрделеніп, шатастырып бітті.
АҚШ-қа келген шетелдік тыңшы вирус туралы жалған қауесет пен дақпыртты мұншалықты таратып, жақсы жұмыс істей алмас еді. Әсіресе, пандемияның алғашқы кезеңінде, ұжымдық жауап қатты қажет кезде. «Бұл – тек тұмау ғана» деген сөзді қанша рет естідік? Оның үстіне, бұл сөз тек әлеуметтік желіде ғана айтылмады. 2020 жылғы 26 ақпанда Ухань қаласында локдаун жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң, American Medical Association журналы коронавирусты тұмаумен салыстырды. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның бұрынғы бас кеңесшісі Доминик Каммингспеннің жақында берген сұхбатында анықталғандай, бұл жалған ақпарат жоғары деңгейде шешім қабылдауды нашарлатқан.
Коронавирустың жиі мутацияға ұшырауы пандемиядан құтылу үшін қолданыстағы вакциналарды жеткіліксіз етуі мүмкін. Үндістан үкіметінің вирустың таралуына жол бермеу әрекеті (немесе оның болмауы) бұл елге де, бүкіл әлемге де қатты әсер етті. Егер АҚШ ортақ әрекет жасауға қиналса, Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде жауап беру де мүмкін емес сияқты.
Сауда мен байланыс қазір жаһандық болуы мүмкін, бірақ басқару ондай емес. Егер жаһандық экономикада өмір сүруді жалғастырғымыз келсе, жаһандық басқарудың тиімді жүйесін дамыту қажет.
Бұл коронавирустың ең үлкен сабағы болуға тиіс. Жаһандық экономика жергілікті мәселелерді жаһандық етеді. Егер біз бұл пандемияны жеңе алсақ та, міндетті түрде екіншісін немесе климаттың өзгеруі сияқты экспоненциялық, түрліше әсер беретін және жаһандық шешімдерді қажет ететін басқа мәселелерді шеше алмауымыз мүмкін. Егер бұдан сабақ алмасақ, жойылып кетуіміз әбден ықтимал.
Луиджи ЗИНГАЛЕС,
Чикаго университетінің қаржы профессоры және Capitalisn’t подкастының жүргізушісі
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org