Білім • 11 Тамыз, 2021

Педагогтердің қанша пайызы вакцина алған?

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп жазады Egemen.kz

Педагогтердің қанша пайызы вакцина алған?

Білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған. Басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы вакцина салдырған.

«Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер арнайы іс-шараларды ұйымдастырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстарға қатыстыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәліметінше, биылғы оқу жылында педагогтердің қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырмақ. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарындағы білім мекемелерінде қызметін бастайды.

«Жаңа оқу жылындағы 1-сыныптың болжамды контингенті 380 мың бала болады деп есептейміз. Оның 97 пайызы электронды түрде 1 тамызға дейін құжаттарын тапсырды», деді министр.