17 Қаңтар, 2014

Бокс: «Astana arlans» Әзербайжанда айқасады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana arlans

18 қаңтар күні Әзербайжанның Баку қаласында «Astana arlans» жартылай кәсіпқой клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы жарысының аясында жергілікті «Baku Fires» командасымен кезекті кездесуін өткізеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Бұл командалардың биылғы маусымдағы екінші кездесуі. Былтыр 15 қараша күні командалар Алматыда алғашқы кездесулерін өткізіп, онда «Астана арланс» қарсыластарын 4:1 есебімен жеңген болатын. Сол кезде 49, 56, 64, 75 және 91 кило салмақтағы боксшылар күш сынасқаны белгілі. Енді, міне командалар тағы да кездесіп, араларындағы мықтыны тағы да анықтайтын болады. Бұл кездесу енді басқа салмақтар бойынша өтеді. Онда 52, 60, 69, 81 және 91 килодан аса салмақ дәрежесіндегі боксшылар  қолғап түйістіреді.

«Арландардың» бас жаттықтырушысы Сергей Корчинский бұл жекпе-жекке Ілияс Сүлейменов (52 кг), Самат Бәшенов (60 кг), Мейірім Нұрсұлтанов (69 кг), Эхсан Роузбахани (81 кг) мен аса ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаевты шаршы алаңға шығаратынын мәлімдеді. Осы күні «Астана арланстың»  сапына жақында ғана қосылған 52 килодағы  Ілияс Сүйлеменов WSB сериясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://astanaarlans.kz/

Соңғы жаңалықтар