17 Қаңтар, 2014

Петропавлда жол ережесін бұзғандар мемлекетке 100 млн.теңге қарыз

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1701-photoСолтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы прокуратура қызметкерлері мен сот орындаушылары жол сақшыларымен бірлесіп, мойнында берешегі бар жүргізушілерді тәртіпке шақыруға кірісті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Қала көшелеріне шыққан құқық қорғау қызметкерлері көліктерді жаппай тоқтатып, тексеру жүргізді. Шараның алғашқы сағатында қарыздан жалтарып жүрген 13 адам анықталып, оларға ескерту жасалды. Ал төлеу мерзімі ұзартылған борышкерлердің көлігі айыппұл тұрағына қамалады. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, бір ғана Петропавл қаласында 28 мың хаттама өтелмеген. Ол бойынша жол ережесін бұзғандар мемлекетке 100 млн. теңге қарыз көрінеді.

«Борышкерлердің дені айыппұлдарын өтеуге асықпайды немесе ол туралы мүлдем білмейді. Мәселен, жылдамдықты асырып, бейне бақылауға түсіп қалған жүргізушілердің хаттамалары мекен-жай бойынша жетпей жатады», - дейді Петропавл қалалық прокурорының көмекшісі Әділет Бәшіков.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: News. nur.kz.

Соңғы жаңалықтар