17 Қаңтар, 2014

Александр Тараков «Казахстанская правда» газетінің басшысы болып тағайындалды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1701-Tarakov«Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы болып Александр Тараков тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kzхабарлады.

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед таныстырды.

Ол жақында Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары болған Жанай Омаровтың орнына келді. Жалпы А. Тараков аталған басылымда 1997 жылдан бері қызмет істейді. Осы жылдар ішінде бас редактордың орынбасарынан бастап, АҚ президенті лауазымына дейін көтерілді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1983 жылы), КИМЭП (1993 жылы) оқу орындарын тәмамдаған. Әрі Журналистика академиясының академигі, Қазақстан бас редакторлары клубының мүшесі, Жазушылар одағының мүшесі, саясаттанушы. Орден, медальдармен марапатталған.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz.

Соңғы жаңалықтар