Жетісуда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыстың еңбекшіл жастары Jyl serpini номинациясын иеленіп, үздіктер қатарына көрінген болатын. Биыл да штаб ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастаған екен, қазір 944 ерікті жас жұмыспен қамтылыпты. Сонымен қатар облыста студенттік құрылыс отрядтарының жұмысы қайта жанданды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың мәліметіне қарағанда, бүгінде «Жасыл ел» жасақтарының құрамында жоғары оқу орнының 217 студенті, кәсіптік техникалық білім беру орталықтарының 304 студенті, 245 мектеп оқушысы, 178 жұмыссыз жас бар екен. Ал биыл штаб жұмысын үйлестіруге жергілікті бюджеттен 151,6 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын.
Сонымен өткен бір ай ішінде облыс бойынша жастар «Жасыл бақ – таза қала», «Таза өзен – таза жағалау», «Жайқалсын жас терек», «Экодесант» акцияларын өткізіп, экологиялық тазарту шараларын атқарса, «Армысың, Ардагер», «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» атты қамқорлық акциялары кезінде қарттарға жәдем көрсетті. Жалпы, шілде айында жастардың қатысуымен облыс бойынша 156 км арық тазартылып, 301 га жердің шөбі шабылған, 176 га жер қалдықтан тазартылып, қоқысы шығарылған.
Қоқыс демекші, жақында Талдықорған қаласындағы «Авангард» бастауыш партия ұйым төрағасы Ғазиз Аманжолұлы қалдықты сұрыптап, қайта өңдеуге қатысты бастама көтерді. «Нұротандық» жас белсенді өзі тұратын көпқабатты үй тұрғындарын бастамаға қосылуға шақырып, целлофан, қағаз, металл, тұрмыстық қалдықтар және пластик бұйымдарын ауладағы қоқыс бөшкесіне бөлек сұрыптап, салуды бастады. Және бүкіл қала тұрғындарын өзінің ісінен үлгі алуға шақырады. Есесіне, сұрыпталған қоқыс-шикізатты қабылдап алушы компанияларға өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылық қорларына өткізуге болады екен.
«Өкінішке қарай, адамдардың қоқысты сұрыптау мәдениеті әлі де шындықтан алшақтау болып тұр, керісінше қоқысты целлофанға салып тастай салу немесе жолда кетіп барып, кез келген жерге лақтыра салу сынды жағдайлар көп кездеседі. Ал біз «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген ұранды ұстай келе, адамзат баласын табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз деп есептейміз, сол үшін өзіміз бірінші болып үлгі көрсетуіміз керек», дейді Nur Otan партиясы Талдықорған қалалық филиалы «Авангард» бастауыш ұйымының басшысы Ғазиз Аманжолұлы.
Айтпақшы, аймақта студенттік құрылыс жасақтарының қызметі қайта жандана бастады. Бүгінде облыс көлеміндегі құрылыс жұмыстарында осындай отряд құрамындағы 211 жас жұмыс істеп жүрген көрінеді. Сондай-ақ облыс аумағындағы құрылыстың жандануы қажетті материалдарды өндіруге деген құлшынысты оятып отыр.
Мысалға, биыл жетісулық 28 жастағы жас кәсіпкер үй салуға қажетті газды блоктар шығаратын екінші шағын зауытын ашты. Іскер азамат Ермек Сұңқарбекұлы алғашқы зауытты өткен жылы Талғар ауданында іске қосқан екен. 3 гектар аумақта өндірістік цех, қойма жайлары, ұңғыма, өнімдер сатылатын шағын дүкен орналасқан. Өнімге сұраныс артып, көршілес аудандардан тапсырыс түсе бастаған. Сондықтан кәсіпкер екінші цехты іске қосыпты. Ол осы жылдың мамыр айында Боралдай ауылында ашылды. Жалпы ауданы 1 гектар болатын жерге қажетті қондырғыларын орналаластырды. Бүгінде күн сайын зауыттарда 50 шаршы метрден астам тас төсеніштер, 240 дана газды блок және 1200 приторлық блок шығарылуда. Ермектің екі кәсіпорында барлығы 17 адам жұмыс істейді екен.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар