Саясат • 13 Тамыз, 2021

200-ден астам онлайн іс-шара өткізілді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жас­тарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн іс-шара өткізілді. Республика бойынша өткізілген бұл іс-шаралар барысында 800 мыңнан астам жас қамтылды.

200-ден астам онлайн іс-шара өткізілді

Барлық облыстар мен респуб­ли­калық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін тал­қылап, шешу жолдарын ұсы­натын өңір әкімдері жанын­дағы кеңес оты­рыстары, «Қайы­рымды істер мара­фоны» жал­пыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-ша­ра­лары және волонтерлердің қаты­суымен экологиялық акция­лар ұйымдастырылды.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т.б. жұмысқа орна­­лас­тыруға жәр­дем­десу мақ­са­тында ва­кан­сия жәр­меңкелері ұйымдасты­рылды.

Еліміздің барлық өңірле­ріндегі іс-шаралардың жас қаты­су­шылары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-консультациялар алды, сондай-ақ мотивациялық және құқықтық дағдыларды, кәсіпкерлік және цифрлы құзыреттерді дамыту бойынша вебинарларға қатысты.

Бұдан басқа әлеуметтік желі­­лерде экологиялық және қайы­-
рым­дылық іс-шаралар, ағарту­шы­лық «челлендждер» ұйымдас­тырылды.

Айта кетейік, Халықаралық жастар күні – 12 тамызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке. Бұл 2000 жылдан, яғни 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы жастар министрлерінің дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан бастап атап өтілуде.

 

«Егемен-ақпарат»