Оқиға • 13 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында екі бала суға батып кетті

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында екі бала суға батып кетті

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Сәбденов ауылында 11 және 8 жастағы екі жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде шомыламын деп, суға батып кетті.

Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғындар судан балалардың денелерін шығарып алған.

«Қайғылы оқиға туралы хабарлама құтқару қызметіне сағат 19.00-де келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 3 қызметкері 1 техникамен және аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері 5 техникамен шықты. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және балаларын су айдындарындағы қауіпсіздік жөнінде қарапайым ережелерді үйретуді сұрайды.