7 күн ішінде ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел алдын алу іс-шарасы барысында 15 қылмыстың ізі кесілді, оның 12-сі интернет-алаяқтық фактісі.
Жедел-іздестіру іс-шарасында 11 қылмыс ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды.
Ғаламтор желілерінде мониторинг жүргізу нәтижесінде порнографиялық сипаттағы бейне роликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды.
Полиция департаменті мамандары азаматтарды сақ болуға шақыра отырып, банктік операцияларға қатысты күдікті ұсыныстарға сақтықпен қарау керектігін ескертеді.