Елбасы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталып отыр.
Жолдаудың басты ерекшелігі, Елбасының өзі айтқандай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр. Экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, Стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап көрсетілді.

Сол себептен Мемлекет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мәселесін ерекше атап өтті. Озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі үшін қуанышты хабар болса, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым, инфрақұрылымдар мен логистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дәлелденіп отыр.
Жергілікті биліктің құзыретін күшейту керектігі және соған сәйкес сұраныстың да болатындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі.
Жолдау – мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орындалуға тиіс саяси құжат. Облыс әкімдігі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал облыс тұрғындары биыл да бірлік мен ынтымақ арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
ШЫМКЕНТ.