Президент • 17 Тамыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.

Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Сеул