Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына 3,6 млрд теңге бөлінді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жем сатып алуға кеткен шығындарды өтеу үшін Үкіметтің резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына 3,6 млрд теңге бөлінді

«Ағымдағы жылдың құрғақ ауа райы мал азықпен қамтамасыз етуде белгілі бір қиындықтар туғызды. Жағдайды түзету үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауда. Бүгінде жем-шөпті дайындау мәселелері бойынша жергілікті орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Зардап шеккен аймақтарға қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау, Қызылорда облыстары Үкіметтің резервінен жем сатып алуға кеткен шығындарды өтеуге 3,6 млрд теңге бөлінді», деді ол.

Сонымен қатар Маңғыстау облысына 5,3 млрд теңгені жем-шөп дайындау мақсатында пайдалануға рұқсат беру мәселелері пысықталып, жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінгенін айтты.

«Тағы қосымша 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін», деп қосты Ербол Қарашөкеев.