21 Қаңтар, 2014

Заңнамалық қамтамасыз ету – басты назарда

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Парламенттің басты міндеті – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге назар аударды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Қ.То­қаев Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі де­путаттардың ұсыныстарын ескере оты­рып, арнайы жоспар әзірлеуге тап­сырма берді. Президент айтқан басымдықтар мен тапсырмалар аясында депутаттар палата жұ­мы­сының биылғы жоспарын нақтылау бойынша ұсыныстар енгізді.

Сенат Төрағасы атап өткендей, алдағы уақытта аймақтарға сапары барысында парламентшілер Мемлекет басшысының Жол­дауын түсіндіру бойынша елеулі жұмыстар атқаруы тиіс және жергілікті жерлерде Президент алға қойған міндеттерді орындау мәселелерін жұртшылық арасында талқылау қажет.

Бюрода Сенат комитеттеріне Мәжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Сондай-ақ, бюро мүшелері Сенаттың 23 қаңтарда болатын отырысының күн тәртібін де қарады. Палата отырысына үш заң жобасын шығару ұйғарылды.

Ғылымды және ғылымға негізделген экономиканы дамыту мәселелеріне Президент Жолдауында баса назар аударылуына байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Сенаттың осы салалық комитетінің атауын Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті деп қайта атау туралы ұсыныс жасады. Бұл мәселе палатаның алдағы отырысында қаралатын болады.