Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының мүсіні ашылған болатын.
Сеул төрінде орнатылған бюстің ашылу салтанаты бейнеленген видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында жариялады.