21 Қаңтар, 2014

Қазақстан спорттың 9 түріне қатысады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан командасы спорттың 9 түрі бойынша жарыс жолына шығады.

 

Үстіміздегі жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан командасы спорттың 9 түрі бойынша жарыс жолына шығады.

«Сочидегі XXII Қысқы Олим­­­пиялық ойындарға 43 қазақстандық спортшы қатысып, спорттың 9 түрі бойынша жарыстарға қатысады», – деді Қазақстан Ұлттық олимпия­лық комитетінің вице-президенті Па­вел Новиков.

Оның айтуынша, Ойындар басталғанға дейін еліміздің оған қатысатын спортшыларының саны көбейіп қалуы мүмкін.

«Олимпиада-2014-тің күту парақшасында бір трамплиннен секіруші мен бір қоссайысшы тұр», – деп хабарлады Новиков.

Вице-президент Қазақстанның спортшыларды Қысқы Ойын­­­дар­ға дайындауға жұмсап отыр­ған қар­жысы Олимпиадаға қаты­су­шы­ларға бөліп қойған ақшасынан әлдеқайда көп екенін де жеткізді.

Руслан ИГІЛІК.