Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

БҰҰ қолдаған білгірлер

4530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде озық ойлы оқу­шылар аз емес. Олар түрлі халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп жүр.

БҰҰ қолдаған білгірлер

Білім ордасының баспасөз қыз­меті ұсынған ақпаратқа сүйен­сек, зияткерлік мектептің оқушы­лары Біріккен Ұлттар Ұйымына «Тұ­рақты дамудың мақсаты – мем­­ле­кеттер ара­сындағы теңсіз­дік­ті төмендету» жобасын ұсынған екен. MINIBOSS халықаралық бизнес-мектебімен бірлесе әзір­ленген жоба әлемнің 150 елінен қатысушылар арасындағы үздік атанып, білім грантын жеңіп ал­ды. Жалпы сомасы 3 мың еуро көле­міндегі білім беру гранты оқушыларға кәсіпкерлік негізін ме­ңгеруге, сондай-ақ стартап идея­ны іске асыруды бастауға мүмкіндік берді. 

Ал 10-сыныптың оқушылары Әли Азамат­ұлы мен Әлия Дін­дер­байдың жобасы да назар ауда­рарлық. Олар қарт адамдарға арналған жоба әзірлеген. 

– Жобаның басты идеясы – зейнет жасындағы адамдарды әр­түрлі курсқа қатыстыру арқылы өзін өзі дамытуға үндеу. Білім беру, өнер және спорт ойындарына  қатысты курстар мен шеберлік сыныптарын ұсынды. Жыл басында «Қарттар марафоны» жобасы ұлттық байқауда финалға шығып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғау құқығына ие болдық, – дейді БҰҰ қолдаған білгір оқушылар.

Онлайн форматында өткен бай­қау қорытын­дысында аты­рау­лық оқушылардың  жобасы үзді­к­­тер қатарына қосылып, БҰҰ-ның ал­тын медалін жеңіп алды. Лайық­ты қарттықты қолдайтын әлеу­меттік жоба өмір бойы білім алу және зе­йнеткерлерді қоғамдық өмірге тарту мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп отыр.

 

Атырау облысы