Экология • 20 Тамыз, 2021

Ірі кен орындарына қауіп төніп тұр - Экология министрлігі

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі кен орындарында пайдалы қазбалар қоры 2025-2040 жылдарға ғана жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ірі кен орындарына қауіп төніп тұр - Экология министрлігі

Фото: primeminister.kz

«Мемлекет басшысы Жолдауында моноқалаларды дамытуға ерекше назар аударды. Осыған байланысты мемлекеттік бюджет есебінен жұмысты жоспарлауда басым бағыт бірінші кезекте моноқалалар маңындағы аумақтарды геологиялық барлау болады. Пайдалы қазбалар қорының азаюы қала құраушы кәсіпорындардың тоқтап қалуына, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы нашарлауына әкеледі. Мамандардың айтуы бойынша, 2025-2040 жылдарға қарай Шығыс Қазақстан облысындағы Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Соколное кен орындарындағы пайдалы қазбалар сарқылуы мүмкін», деді Брекешев.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жаңа перспективалы учаскелерді жедел анықтау, «ескі» кен орындарына қосымша барлау жүргізу, жеке инвестицияларды тарту және технологиялық минералды түзілімдерді өңдеу қажет.

Брекешевтің пікірінше, қала құраушы кәсіпорындардың негізгі мәселесі - пайдалы қазбалар қорының азаюы.