Патрульдік полицияға және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 “КТМ” мотоциклдері берілді. Олар көліктер көп кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған.
Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының пікірінше, мобильді болуға мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және шаһар жолдарындағы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.