Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің тандемі Шығыс нақыштары бар ағылшын тіліндегі жаңа бірегей әнді ұсынды.
19 тамыз күні Сочидегі Олимпиадалық парктегі New Wave Hall сахнасында алғаш рет қобыз ойналды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне айрықша өзгешелік бергендей.
«Stranger» («Бейтаныс») «Жаңа толқын» көрермендері үшін үлкен тосынсый болды. Ағылшын тіліндегі қазіргі заманғы әннің бүкіл қазақ халқы үшін қасиетті аспаптың үнімен өрнектелуі үлкен жаңалық болды. Димаштың орындауындағы вокализдің шебер өрілген әуені осы көпқырлы шығарманы аяқтады, ал соңғы нота көрермендерді шексіздікке жетелеп, аяқталғысы келмейтіндей болып сезілді», делінген хабарламада.
Жаңа композицияның музыкасын орыс композиторы Игорь Крутой жазған, ал мәтіннің авторы –америкалық ақын Шарон Вон. Негізгі аранжировкамен Димитрис Контопулос (Грекия) және Ерлан Бекчурин (Қазақстан) айналысқан.
«Жаңа әнге қобыз қосу идеясы Димашқа «Stranger» әуенін алғаш естігеннен кейін келді. Әнші халық аспабы әнге керемет үйлесіп, оған керемет дыбыс береді деп шешті. Димаш дәстүрлі қазақ музыкасын дәріптеуге әрдайым зор ықыласпен қарайды», делінген хабарламада.