Аймақтар • 21 Тамыз, 2021

ШҚО-дағы дала өрті 40 гектарға жайылып кетті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында өрт сөндірушілер 40 гектарға жайылған тілсіз жаумен күресуде, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-дағы дала өрті 40 гектарға жайылып кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Малиногорск ауылдық округінде шөп өртенген.

«Жалпы ауданы 40 гектарға жеткен қызыл жалын орманға да жетті. Қазіргі уақытта өртке оранған орман аумағы 4,2 гектарды құрап отыр. Оқиға орнына 6 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органның 50 қызметкері, 5 орманшы және 3 техника жұмылдырылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ қосымша күш ретінде Асубұлақ кентінен 5, Көкпекті ауылынан 4 адам келе жатыр. Өскемен қаласынан 20 құтқарушы жолға шығуға дайындалуда.