ТЖД мәліметіне қарағанда, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері бұзылып, олар жолда қалыпты. Азаматтар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
«Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу келіп, жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ», делінген хабарламада.