Оқиға • 23 Тамыз, 2021

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

2254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де «Атырау-Орал» тас жолында болған.

«Екі облыстың аралығындағы жолдың 93-шақырымда, Көктоғай ауылынан 25 шақырымда ВАЗ-2105 жеңіл көлігі және КамАЗ-53215 маркалы жүк көлігі соқтығысты. Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған. Соның салдарынан 1958 жылғы жүргізуші басқарған қарсы бағытта – Атырау қаласына қарай жүріп бара жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан «ВАЗ-2105» көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.