Оқиға • 23 Тамыз, 2021

Алименттен жалтарған ер адам сотталды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 2 жыл бойы алимент төлемей келген ер адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алименттен жалтарған ер адам сотталды

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әйелімен ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған ұлдарын асырау үшін табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндетті болған. Алайда ол екі жыл бойы ақша бермей, қарызы 1 миллион теңгеге жеткен.

«Алимент төлеуден жалтарған әке 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеліп, оған пробациялық бақылау тағайындалды. Енді сотталған азамат тұрақты жұмыс тауып, алимент төлемесе мәжбүрлі еңбекке тартылады. Жаза адамды қарыздан босатпайды. Еңбекке тарту – адамды тәрбиелеудің бір құралы ғана», дейді ШҚО бойынша ҚАЖД сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Қайрат Қайнаров.

Сонымен қатар сотталғанға жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.