Әлем • 24 Тамыз, 2021

Ауғанстанды кімдер басқаратыны белгілі болды

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» радикалды қозғалысының басшылығы Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті, оған 12 адам, оның ішінде елдің бұрынғы Үкіметінің кейбір мүшелері кіруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Foreign Policy сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстанды кімдер басқаратыны белгілі болды

Басылымның мәліметтеріне сәйкес, «Талибан» саяси қанатының жетекшісі Абдул Ғани Барадар мен әскери комиссиясының жетекшісі Моулави Якуб, қозғалыстың негізін қалаушы молла Омардың ұлы, сондай-ақ «Хаккани желісі» диверсиялық тобының жетекшісі Сиражуддин Хаккани кеңестегі ең ықпалды үш адам болуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, тәлібтер Ауғанстанда президент немесе басқа жеке көшбасшы лауазымын қалпына келтіргісі келмейді. Сонымен бірге олар АҚШ қолдаған бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелеріне жаңа кабинетте министрлік лауазымдарды ұсынуға ниетті. Осылайша, олар халықаралық қауымдастықта танылу мүмкіндігін арттыру үшін мүмкіндігінше инклюзивті болып көрінетін үкімет құрғысы келеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50