Брент маркалы мұнайдың құны19 тамыздан бері алғаш рет 3,2 процентке көтерілді. Ал америкалық WTI маркасы 64 доллардан сәл асты.
Сарапшылар баға әлі де құбылады деген болжам жасап отыр. Сарапшылардың пікірнше мұнай баррелінің бағасы төмендеуі мүмкін. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты көптеген елде шектеу шаралары күшейіп жатыр. Әсіресе шикізатты көп алатын Қытайда карантин талаптары күшейген. Бұған қоса кейінгі аптада АҚШ-тың мұнай компаниялары бұрғы қоныдырғыларының санын көбейтіп, өндірісті тәулігіне 11,4 миллион баррельге көбейтті. Сондықтан трейдерлер сұраныс азаяды деген қауіппен қордағы мұнайын сатуға асық.