Аймақтар • 25 Тамыз, 2021

Көрші өңірге көмек

1817 рет көрсетілді

Мұнайлы өңірдің Ресеймен шекарадағы Құр­ман­ғазы ауданында Мақаш ауылдық округі бар. Ауыл­дың үш мыңнан астам тұрғыны қайырым­дылық іс-шарасынан шет қалмайды. Қаза­қы болмыстың осынау қағидасына берік мақаш­тықтар Маңғыстау облысына қол ұшын созды.

– Атырау мен Маңғыстау – ежелден қоңсы қонған, төскейде малы қосылған өңірлер. Бұрын бір облыстың құрамында да болды. Табиғаты да, экономикасы да бір-біріне ұқсас. Алайда биыл көршілес Маңғыстаудағы қуаңшылық төрт түлікке қиын болып тұр. Бұл біздің де жанымызға батты. Сол себептен, біздің ауылдың азаматтары маңғыстаулықтарға көмек ретінде 30 тонна орама шөп жіберуге бастама көтерген еді. Біздің бұл бастамамызға ауданның, ауылдық округтің әкімдері қолдау білдірді, – дейді ауыл тұрғыны Жеңіс Әбілхайыров.

Оның айтуынша, орама шөпті дайындауға Мақаш ауылдық округінің Жалғас Симон мен Есболат Құбашев бастаған 40-тан астам тұрғыны, «Мақаш» өндірістік кооперативі, үш шаруа қожалығы атсалысты. Олар 25 күнде әрқайсысының салмағы 300 келіні құрайтын 100 орама шөп дайындап, көрші облысқа жіберді.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:50

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 11:31

Тәуелсіздік тұлғалары

Елорда • Бүгін, 09:16

Аида – әлем чемпионы!

Спорт • Бүгін, 09:14

Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті

Коронавирус • Бүгін, 09:09

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 09:03

Жастар жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Сенім арт маған, туған ел!

Аймақтар • Бүгін, 08:54

Сақтанған сау қалады

Медицина • Бүгін, 08:47

Оқушыларға абай болайық

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Дамудың сенімді іргетасы

Қазақстан • Кеше

Іні-досқа ілтипат хат

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар