Аймақтар • 25 Тамыз, 2021

Ақтөбе облысында артиллериялық снаряд тапты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының тұрғыны артиллериялық снарядқа кезікті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында артиллериялық снаряд тапты

 Polisia.kz сайты таратқан ақпарат бойынша, 23 тамызда Хромтау аудандық полиция бөліміне Тассай ауылының тұрғыны келіп, ауылдың жанынан артиллериялық снарядқа ұқсас тат басқан металл зат табылғанын хабарлаған.

Ауыл тұрғыны табылған снарядты үйінің ауласына сүйреп апарған. Полиция қызметкерлері артиллериялық снарядты тәркілеп, оны жойды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарға мұндай олжалар өте қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.