СІМ баспасөз қызметінің жазуынша, көрмеде бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының көшірмесі ұсынылған.
Сонымен бірге британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты тарихи деректі фильмі көрсетіліп жатыр.