Аймақтар • 25 Тамыз, 2021

Алматыда бірнеше көше жабылады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында «Достық» метрополитен станциясының салынуына байланысты автокөлік қозғалысының схемасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бірнеше көше жабылады

27 тамыз сағат 22:00-ден 28 тамыз сағат 22:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен Саин көшесінен бастап Момышұлы көшесіне дейін батыс және шығыс бағытта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Абай даңғылынан шығатын аулаларға кіретін және шығатын барлық жолдар ашық болады.

Момышұлы көшесі мен Саин көшесі бойынша қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асырылады.