Тәуелсіздік • 26 Тамыз, 2021

«Өзбекстанның халық әртісі» атанды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандасымыз, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстанның халық әртісі» атағын алды.

«Өзбекстанның халық әртісі» атанды

Ол Муслим Магомаев атындағы екінші ха­лық­аралық конкурстың бас жүлдесін иемден­ген. Сондай-ақ Мәскеуде өткен орыс романс­тарын орындаушы жастардың халықаралық ХІІІ «Романсиада-2009» конкурсының лау­реаты және Полад Бюль-Бюль оглы атындағы Халықаралық вокалистер байқауында екінші орынды қанжығасына байлаған. 2014 жылы «Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын алған.

Сондай-ақ Жеңісбек Пиязов – Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш ортаазиялық әнші. Қан­дасымыз 33 жасында осындай құрметті мара­патқа қол жеткізіп отыр.