Давид Дегтярев пен Алина Солодухина - әзірге Паралимпиадада өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшылар.
Давид Дегтярев бірінші мүмкіндігінде 170 келі зілтемірді көтерсе, екінші мүмкіндігінде 172 келіні бағындырды.
Ал, үздік бестікке енген Алина Солодухина 82 келіні бағындырды.
Токио қаласында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары өтуде. Паралимпиада ойындарында ел намысын спорттың 7 түрінен 26 спортшымыз қорғайды.
Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.