23 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы № 309

541 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы

 

2013 жылғы 2 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы
3 қарашадағы № 302 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 142-бабы 3-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6624 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген біліктілік емтихандары туралы ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ИМАШЕВ.

 

«Келісілді»
Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының төрағасы
___________Г. Ким
2013 жылғы «_26__» _09_______

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2013 жылғы 2 қазандағы № 309 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2013 жылғы 3 қарашадағы № 302 бұйрығымен бекітілген

Біліктілік емтихандары туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Біліктілік емтихандары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 142-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Біліктілік емтиханынан өту жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру үшін негіз болып табылады.
3. Біліктілік емтиханына жіберу үшін үміткерлерге мынадай талаптар белгіленеді:
Қазақстан Республикасының азаматтығы;
жиырма бес жасқа жетуі;
жоғары заңгерлік білімінің болуы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген) жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі.
 4. Біліктілік емтиханынан өтуге Заңның 140-бабы 2-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша рұқсат етілмейді, ол жөнінде үміткерге құжаттар келіп түскен бастап он бес жұмыс күні ішінде дәлелді хат жолданады.
5. Біліктілік емтиханынан өту үшін әрбір үміткерден республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және біліктілік емтиханынан өту күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен ақы алынады, оны үміткерлер Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының шотына аударады.
Біліктілік емтиханының қорытындысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда біліктілік емтиханы үшін енгізілген ақы қайтарылмайды.
6. Лицензия алған, бірақ сот орындаушысының лауазымындағы жұмысқа үш жыл бойы кіріспеген азамат біліктілік емтиханын қайтадан тапсырғаннан кейін ғана сот орындаушысының лауазымына жіберіледі. Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны үшін төлем алынбайды.
 Аталған мерзімді есептеу адамның жеке сот орындаушысының көмекшісі болып істеген уақытында тоқтатыла тұрады.

2. Біліктілік емтиханын өткізу
7. Үміткердің біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) біліктілік емтиханын тапсырғаны үшін төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен бірге (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
5) тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі.
8. Біліктілік емтиханы үміткердің құжаты түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күні ішінде жүргізіледі.
9. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлерге біліктілік емтханының өту орны, күні, уақыты туралы біліктілік емтиханын өткізу күнінен он күнтізбелік күн бұрын уәкілетті орган хабарлайды.
10. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттар берілмеген не тиісінше ресімделмеген жағдайда, құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге біліктілік емтиханына жіберуден дәлелді хатпен бас тартады.
11. Біліктілік емтиханына дәлелді себеппен келмеген кезде (денсаулығына, отбасылық және қызметтік жағдайларына байланысты) үміткер болмаған емтихан күнін және келмеу себептерін көрсетумен, өтініш негізінде қандай да бір басқа күні өткізілетін емтиханға жіберіледі. Бұл жағдайда, біліктілік емтиханын өткізу үшін үміткерден қайтадан ақы алынбайды.
12. Біліктілік емтиханы компьютерлік техниканы пайдаланумен тестілеу түрінде өткізіледі.
13. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
14. Үміткер тестілеуден өз қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.
15. Әрбір үміткердің біліктілік емтиханына берілген уақыт сексен минуттан аспайды. Тест сұрақтарының саны жетпісті құрайды.
Тест сұрақтарына жалпы құқықтық нормалар, атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама, атқарушылық іс жүргізу ұйымдарымен байланысты мәселелер мен өзге де сабақтас құқық салаларының нормалары кіреді.
16. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері екі данада басылады және тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерге жеке қол қою арқылы танысу үшін ұсынылады.
Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екіншісі комиссияға тапсырылады.
17. Тест сұрақтарының кемінде жетпіс пайызына дұрыс жауап берген үміткер біліктілік емтиханынан өтті деп есептеледі.
18. Біліктілік емтиханы аяқталғаннан кейін, тестілеу нәтижелері бойынша жасалған хаттамаға біліктілік комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды.
19. Уәкілетті орган біліктілік комиссия хаттамасының негізінде осы Ереженің қосымшасына сәйкес белгіленген нысанысы бойынша емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығарады.
20. Емтиханнан өткен үміткерлер оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімін алады. Емтиханнан өтпеген үміткерлер біліктілік комиссиясы хаттамасының көшірмесін алады.
 21. Біліктілік емтиханының нәтежесі бойынша өтпеген болып танылған үміткер осы біліктілік емтиханы өткізілген күннен бастап бір жылдан кейін біліктілік емиханын тапсыру ақысын төлеген жағдайда қайтадан өте алады.
22. Егер үміткер қайта өткізілген емтихан нәтижелері бойынша біліктілік емтиханынан өтпеген болып танылса, кейіннен жеке сот орындаушысында қайта тағылымдамадан өткеннен кейін ғана оған біліктілік емтиханынан өтуге жол беріледі.
23. Біліктілік емтиханын өтпеген үміткер аппелляцияға бере алады. Негізгі наразылықтарын негіздеумен баяндай отырып, үміткер аппеляция туралы жазбаша өтінішті уәкілетті орган басшысының атына біліктілік емтиханынан өтпеген болып танылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
Аппеляцияны қарау нәтижесі хаттамамен рәсімделеді және біліктілік комиссиясына орындау үшін тапсырылады. Қайтадан аппеляцияға беруге жол берілмейді.

Біліктілік емтихандары туралы ережеге қосымша

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына
біліктілік емтиханынан өткені туралы
шешім

________ қаласы             20___жылғы «__» ___________

______________
(А.Ә.Т.) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.

Уәкілетті органның басшысы
(А.Ә.Т.)

М.О.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 7 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8882 болып енгізілді.