Президент • 27 Тамыз, 2021

Президент: Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймасында тұтанған өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

«Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс істеуде. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ, жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек», деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туиттерде.

Бұған дейін Президент жарылысқа жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданғаны жайлы хабарлаған болатын. Оның сөзінше, облыстық ТЖ департаменті мен әскерилерден 30 шақты қызметкер жарақат алған.

Айта кетейік, Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері мен Ішкі істер министрінің орынбасары барды.