Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Бердібек Сапарбаев: Бірде-бір зардап шегуші көмексіз қалмайды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бердібек Сапарбаев: Бірде-бір зардап шегуші көмексіз қалмайды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ брифингі барысында, Байзақ ауданында әскери бөлімде өрт және жарылыс болған жерде жедел штаб құрылғанын айтты. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел желі ашылды.

«Бірде-бір зардап шегуші көмексіз және қолдаусыз қалмайды», деп қосты әкім.

Оқиғаға байланысты мәселелер бойынша ақпарат беру үшін арнайы 109 нөміріне қоңырау шалуға немесе 8-778-810-91-09 нөміріндегі WhatsApp желісіне хабарлама жіберуге болады.

Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-41-67, 8(7262) 51-37-75.