27 Тамыз, 2021

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіргенін хабарлайды Egemen.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

«Кеше Жамбыл облысының Байзақ ауданында төтенше оқиға болды. Қарулы Күштеріміздің оқ-дәрісі сақталатын қойманың бірінен өрт шықты. Артынан бірнеше жарылыс болды. Жергілікті тұрғындар аман-есен. Өкінішке қарай, әскери қызметшілер мен құтқарушылар арасында адам шығыны бар. Олар қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапты. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін», деді Мемлекет басшысы.  

Соңғы жаңалықтар