Парламент • 30 Тамыз, 2021

Мәулен Әшімбаев: Ата заңды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Ата заңды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы

«Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, өсу мен өркендеудің басты кепілі. Ата заңымыз құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және біртұтас мемлекет болып қалыптасуымыздың негізін қалап берді.

Бізді бүгінгі жетістіктерге жетелеген барлық бастама, ең алдымен, еліміздің басты құжатына табан тірейді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыруда Конституцияның маңызы зор. Сондықтан Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы.

Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», деп жазды Сенат төрағасы өзінің Facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55