Теннис • 01 Қыркүйек, 2021

US OPEN-2017: Зарина Диас ұтылып қалды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық теннисші US Open турнирінің бірінші раундынан өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

US OPEN-2017: Зарина Диас ұтылып қалды

Фото: ktf.kz

«Жас және талантты американдық Аманда Анисимова Зарина Диасты байқаудың екінші кезеңіне жібермеді», - деп хабарлайды usopen.org.

20 жастағы спортшы Заринадан екі сетте де басым түсті - 7:5, 6:2. Айта кету керек, Аманда 2017 жылғы АҚШ чемпионатында үздік болды.

Осылайша, жарыс жолында әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандықтардан Елена Рыбакинадан ғана қалды.