24 Қаңтар, 2014

Ауыл әлеуеті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байзақ ауданында макарон және ұн өнімдерін өндіретін «ROLA-7» компаниясы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол күніне 5 тонна өнім өндіреді.

 

Байзақ ауданында макарон және ұн өнімдерін өндіретін «ROLA-7» компаниясы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол күніне 5 тонна өнім өндіреді.

Істері ілгері басқан «ROLA-7» компаниясы «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 48 миллион теңгеге жаңа құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр. Компанияда қазір 131 адам еңбек етеді.

Ал аудандағы «Әулиеата-Феникс» ЖШС ет өндіру бағытындағы құс фабрикасының құрылысын жүргізуде. Жаңа өндіріс нысанының құны 1,16 миллиард теңге. Жоба жүзеге асқан кезде мұнда жоғары технологиялық әдіспен жылына 3200 тонна құс еті өңделетін болады. Қазір мұнда 102 адам жұмыспен қамтылған.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,

Сарыкемер ауылы.

Соңғы жаңалықтар