Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

Түркіменстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркіменстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

«Ел қажеттіліктері үшін дәрі-дәрмектер, медициналық қызметкерлерге арналған қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар, дезинфекциялаушы заттар, дәрілік ерітінділер, қорғаныш маскалар, хирургиялық қолғаптар, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған құралдар мен препараттар жіберілді», делінген ақпаратта. 

Гуманитарлық жүкті ауған тарапына тапсыру рәсімі Герат провинциясындағы Тургунди ауылында провинция басшыларының, сондай-ақ түрікмен диаспорасы мүшелерінің қатысуымен өтті. 

Ауған жағы қолдау көрсетіп отырған Түрікменстан басшылығы мен халқына ризашылығын білдірді.