Елорда • 03 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда кейбір құрылыс нысандары жұмысын тоқтатуы мүмкін

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған мониторинг жұмыстары күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда кейбір құрылыс нысандары жұмысын тоқтатуы мүмкін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатқаны туралы айтты.


Алтай Көлгінов құрылысшылардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауды күшейту қажеттігін ескертті.

«Қала кәсіпорындары, әсіресе, құрылыс нысандары қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауы қажет. Адам өмірі мен компаниялардың беделі осыған тікелей байланысты. Өндірістік жарақаттануды азайту үшін бірқатар жүйелі шара қабылданып жатыр. Бүгін әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысында өзекті мәселелер қаралды», деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Әкімнің сөзіне сүйенсек, осылайша кәсіподақ және жұмысшылар конфедерациясы бірлесіп, нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жұмысын күшейтпек. Тәртіп бұзылған жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше құрылыс нысандарының жұмысы тоқтатылады.

«Бұдан басқа, құрылыс нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған мониторинг жұмыстарын қосымша күшейтеміз, еңбек қызметі тараптарының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру үшін кәсіпорындарға бару жалғасады. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелерін бақылауда ұстап, ірі борышкерлердің төлемдер мәселелерін шешуі қажет», деді ол.