Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

Израиль Сирияға шабуыл жасады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль Дамаск маңында әуе шабуылын бастады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныш жүйесі зымырандардың көп бөлігін атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израиль Сирияға шабуыл жасады

Фото: twitter.com / chawshin_83

Сирияның SANA агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 01.26-да Сирия астанасының оңтүстік-шығысында жасалған.

«Зымырандардың көпшілігі әуе шабуылына қарсы қорғаныш жүйесі арқылы атылды, тек материалдық шығын келтірілді», делінген хабарламада.

Израиль Сириядағы нысандарға үнемі зымыран соққысын жасайды. Дамаск БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрап, Израильге қысым жасауды талап етіп бірнеше рет жүгінді. «Мұндай агрессивті әрекет бүкіл аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді», деп санайды олар.