Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театры Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жаңа операны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды. Операда жалпы саны 150-ден астам әртіс рөл сомдайды.
Идея авторы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қоюшы-режиссер – Михаил Панджавидзе, қоюшы-дирижер – Мәди Өмірзақов, қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев, костюм бойынша суретші – Сабира Даулеталиева, қоюшы-балетмейстер – Абдурасул Есекеев, Рита Хайрушева, қоюшы-хормейстер – Бағлан Алтаев, көркемдік жетекші – Мадихан Дуисеев.
Шымкент қалалық опера және балет театрының алғашқы гастролдік сапары Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары әкімдіктерінің тарапынан қолдау тапты.
«Домалақ ана» Астана опера сахнасында бүгін екінші рет қойылады. Қазақстанның өзге қалаларындағы опера сүйер қауым қойылымды Tengrinews.kz/tv сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.