25 Қаңтар, 2014

Хайуанның ісі

283 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қоңыр күзінде болған бұл оқиға дүйім жұртшылықты дүр сілкін­дірген еді. Жасөспірім қыз Жансаяны зорлап, қорлап өлтірген белгісіз біреудің қылмыстық әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс көп ұзамай ашылып, сотта қаралған болатын.

Өткен жылдың қоңыр күзінде болған бұл оқиға дүйім жұртшылықты дүр сілкін­дірген еді. Жасөспірім қыз Жансаяны зорлап, қорлап өлтірген белгісіз біреудің қылмыстық әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс көп ұзамай ашылып, сотта қаралған болатын.

Жансая Есенбаева Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Үшқоңыр ауылында орналасқан Қарасай батыр атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқитын. Ол 24 қыркүйек күні таңертең сабаққа кеткен. Кесте бойынша сағат он екі жарымда сабақ аяқталуы тиіс болатын. Бірақ Жансая ол уақытта үйге оралмады. Қызының кешіккенінен секем алған анасы оны іздеп мектепке келеді. Бірақ Жансая оқу орнында болмай шықты. Құрбысының үйіне кеткен шығар деген оймен анасы Жансаяның сыныптасы Әселдің үйіне келеді. Жансая бұл үйде де болмай шығады. Жасөспірім қызды іздеу кешке дейін созылады. Бірақ нәтиже шықпайды. Шарасыз шеше қызының ұшты-күйлі жоғалғаны туралы полицияға арыз түсіреді. Қыркүйектің 24-ші жұлдызында жоғалған Жансаяның жансыз денесі қазанның 2-ші жұлдызында табылады. Бұл қылмысқа сезікті ретінде Бегалы Садықов деген азамат қамауға алынады.

Бегалы Садықов қыркүйек айының 14-ші жұлдызында кешкі сағат алтылар шамасында Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылында тұратын танысы Ж.Шорабаевтың үйіне келіп, онымен бірге ішімдік ішіп, сол үйде ұйықтап қалған. Түнгі сағат екілер шамасында аулаға шығып, көрші Е.Қасым­­­­баевтың есігінің алдында дәрет сындырады. Оны көрген Е.Қасымбаев Бега­лының қылығын бетіне басып, ұялтуға тырысады. Шала мас Садықов үй иесімен жағаласа кетеді. Сол екі арада Ж.Шорабаев бұларды ажыратып жібереді. Үйге кіріп кеткен Бегалы қолына пышақ алып, қайта шығып, оны Қасымбаевқа сілтейді. Оған дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалап кетеді. Е.Қасымбаев алған дене жарақаты салдарынан ауруханаға түседі.

Жасаған қылмысына қарамастан жазасыз қалған Б.Садықов сол кеткеннен мол кетіп, арақ ішуін жалғастырады. Жас­өспірім қыз Жансаяға қатысты қылмысты жасаған күні, яғни қыркүйек айының 24-ші жұлдызында Үшқоңыр ауылына келіп, спиртті ішімдік ішіп жүрген. Түскі мезгілде ол Өтеген батыр көшесіндегі мектептің жанында Жансаяны көреді. Осы кезде оған жасөспірім қызды зорлауға бағытталған қылмыстық ой туындайды. Жансаяның артынан жүріп отырған Бегалы бір мезетте онымен қатарласады. Оған қолындағы «Сникерс» шоколадын ұсынады. Аңғал қыз шоколадты алады. Жасөспірімнің аңқаулығын пайдаланған әккі қылмыскер Өтеген батыр көшесіндегі 49-үйдің жанында қараусыз қалған учаске­­­­­нің қоршауына алып келеді. Сол жерде Б.Садықов Жансаяның дәрменсіз күйін пай­даланып, оның қарсылық көрсете алмайты­нын сезініп, оны зорлау мақсатында күш қолданып, басына қатты соққы жасайды. Бұл соққыдан Есенбаева есінен танып құлаған. Б.Садықов жерде жатқан оған аса қатыгездікпен жыныстық қатынас жасайды. Нәпсіқұмар хайуан бұл әрекеттерімен де тоқтамай, талып жатқан қызды өзінің колготкиімен буындырып өлтірген. Көзі қарауытқан педофилдің бұған да айызы қанбай, өзінің қалтасындағы қырынуға арналған ұстараның жүзімен Жансаяның мәйітінің қарын қуысын кесіп, өлі денені қорлаған.

Сотталушы Б.Садықов өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған жоқ. Алғашқы қылмысы бойынша тағылған айыпты да мойындамады. Ол Қасымбаевқа ешқандай жарақат салмағанын, ешкімге пышақ сілтемегенін айтады. Сондай-ақ, жәбірленуші Ж.Есенбаеваға қатысты қылмыс бойынша тағылған айыптарды да толығымен мойындамады. Б.Садықов оқиға болған күні, яғни 24 қыркүйекте Қаскелең қаласындағы нарколог дәрігерге барып, ем қабылдағанын, түсте үйіне келіп, демалғанын айтады. Ал алдын ала тергеу кезінде полиция қызметкерлерінің қысымымен және олардың үйретуімен бүкіл қылмысты мойныма алып едім дейді.

Дегенмен, судья ретінде мен бұл қылмыстық істі қарау кезінде Б.Садықовтың жауаптарына сын көзбен қарадым. Ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған жауап беріп отырғанын түсіндім. Оның аталған қылмыстарды жасағаны басты сот талқылауында айғақтар жиынтығымен толық дәлелденді. Алдын ала тергеу барысында сезікті ретінде сұралған Б.Садықов жәбірленушілер Е.Қасымбаев пен Ж.Есенбаеваға қатысты қылмыстар бойынша кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмыстары жөнінде түгелдей баяндап, өз жауаптарын оқиға орнында нақтылап берген.

Қарасай аудандық ішкі істер басқар­­­­ма­сының тергеушісі А.Қашақбаевтың қаулысы негізінде жәбірленуші Ж.Есенбаеваның киімдеріне зерттеу жүргізу тапсырылған. Осы заттарды зерттеу басталған кезде тергеуші Қашақбаев қосымша салыс­­ты­ру сараптамасын тағайындап, сезікті Б.Са­дықовтың киімдерін ұсынған. Жүргі­зіл­ген криминалистикалық зерттеулер нәти­же­сінде жәбірленуші Ж.Есенбаеваның киім­де­рінде сезікті Б.Садықовтың киімде­рін­­де бар талшықтар анықталған. Сондай-ақ, Са­дықовтың киімдерінде Ж.Есенбаева­­­ның киімдеріне жататын талшықтар табылған.

Сотталушы Б.Садықов және оның қорғаушысының уәждері сот талқылау кезінде толығымен тексеріліп, олар негіз­сіз болып, сот отырысында зерттелген дәлелдермен жоққа шығарылды. Сотталу­­шыға жаза мөлшерімен оның түрін тағайын­даған кезде сот сотталушы Б.Садықовтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар таппады. Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажеттігі туындады. Сот Бегалы Садықовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «В, К, О» тармақтарымен және 275-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігінің негізінде қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосып, оған түпкілікті 24 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығардым.

Осы бір аса ауыр қылмыстық істі қарау, оған жаза тағайындау судья ретінде маған оңай бола қойған жоқ. Сотталушы Б.Садықовтың әккілігі сонша, тергеу барысында мойындаған кінәсін сот талқылауы кезінде түрлі бұлталаққа салғысы келді, өзін тергеушілерден қысым көрген бейшара етіп көрсетуге де тырысты. Бірақ, оның хайуандық әрекеті бұлтартпас айғақ­тармен дәлелденді. Нәтижесінде, жасаған қылмысына қарай жазасын алды.

Асқарбек БЕЙІМБЕТОВ,

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50