Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Алматыда автотұрақ өртенді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қараусыз қалған автотұрақ отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда автотұрақ өртенді

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, 3 қыркүйек күні сағат 16:56 шамасында Бостандық ауданы Рысқұлбекова көшесі, 35-мекенжайында автоұрақ өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар, қоқыстар мен ескі автодөңгелектердің жанып жатқаны анықталды. Өрт оқпандары бағытталып, автоцистерналар гидранттарға орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», деп түсіндірді департаменттен.

Өрт сөндіру жұмыстарына 3 бірлік техника мен 13 маман жұмылдырылды. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 17:28-де толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар